«Жетінші арнада» телехикаялар қалай дыбысталады?

Уәде еткеніміздей, көрермендердің көптеген өтініштері бойынша, арнамыздың бір құпиясын ашамыз! Ол кісілерді көпшілік біле бермейді, бірақ дауыстарын бір сәтте-ақ тани қоясыздар! Сонымен, дубляж бөлімінде табанды әрі өнімді еңбек ететін мамандармен жақынырақ таныстырамыз...

Нартай Сауданбекұлы – Әли Рза бей, Митхат бей, Яман бей, Әмір, Улуч, Кемаль бей, түрмедегі кейіпкерлер, адвокаттарды дыбыстайды.

 

Гүлнәр Рысбайдың дауысымен - Ферхунде, Фикрет (бала кезі), Неийр, Мехмет, Джанер, Айша сөйлейді.

 

Айым Жетпісова – Неджла, Джейда, Седеф, Райхан, Джеврие, Нұрданды дыбыстайды.

 

Олжас Жақыпбек – Шевкет (жас кезі), Тахсин, Ахмет бей, Джем, Әли, Консул, судьялар, түрмедегі кейіпкерлер, адвокаттар.

 

«Жетінші арнаның» дубляж студиясы кәсіби және заманауи жабдықтармен қамтылған. Шетелдік фильмдерді қазақ тілінде сөйлету бойынша ынтымағы жарасқан шығармашылық ұжымымыз еліміздегі ең үздік кәсіпқойлардың бірі саналады. Студиямызда кейіпкерлерді қазақша сөйлететін театр әртістерінен басқа, кәсіби аудармашылар, редакторлар, дубляждың режиссерлері, дыбыс режиссері, бейнеинженерлер мен үйлестіруші (координатор) маман бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып қажырлы еңбек етеді. Барлық уақытта экранның арғы жағында көрінбей қалатын қызметкерлеріміз бен олардың атқаратын істерімен таныс болыңыздар...

 

Аудармашылар шет тіліндегі фильмді көріп отырып, тікелей аударма жасайды. Бұл тәсіл сөздердің кадрдегі әртістердің сөйлеуі мен іс-қимыл, мимикаларымен дұрыс сәйкес келуіне көмектеседі.

Аудармашылар:

Аяужан Бүркітбаева

 


Назгүл Балабекова

 

Баян Нұғман

 

Анаргүл Сайекешова

 

Тиісті серияны қазақ тіліне аударғаннан соң, редакторлар аударманың түпнұсқадағы сөздермен дәлме-дәл сейкес келуін тексеріп, мәтінді түзетеді.

Редакторлар:


Еркебұлан Абдрахманов

 

Зухра Борантаева

 

Мәтінді редакциялау аяқталғаннан кейін, әртістер дубляж режиссерімен бірге сериалға қазақша тіл бітіруге кіріседі.

Дубляждың режиссерлері:


Қуаныш Қолдауов

 


Арай Амантауова

 

Серияларды қазақшалау аяқталғаннан кейін, барлық шығармашылық еңбекті монтаж бөліміне жібереді.

Бейнеинженерлер:

Арман Үсенов

 


Жанат Шарапиденов

 


Қуаныш Әлмұханов

 

Монтаждау біткеннен кейін, дыбыс инженері барлығын тексеріп, қабылдап алады.

Дыбыс режиссері:


Абылай Энгельс

 

Көрермен қауымды бір дерлікте субтитрлік мәтінмен қамтамасыз ету үшін қазақша мәтіндерді орыс тіліне аударуға жібереді. Осыдан кейін орыс тіліндегі субтитрды серияға қосады.

Бір серияны сапалы түрде толық дыбыстап шығу үшін кейде үш-төрт күн жұмсалады. Мәселен, 174 бөлімнен тұратын «Үзілген жапырақтар» телехикаясына қанша еңбек сіңірілгенін енді білген боларсыздар. Кейде ойдағыдай шықпаған дубляжды (еріннің қимылына сөздер сәйкес келмегенде) басынан бастап қайта дыбыстауға тура келеді. Ал үйлестіруші Светлана Кусаинова осы жұмыстардың барлығын бақылап және бағыттап отырады. Осылайша дубляжды бір адам, екі адам емес, үлкен ұжым жұмыла жүріп жасайды.

Үйлестіруші:

Светлана Кусаинова

 

«Жетінші арнаның» кәсіби дубляж студиясы телехикаяларды қазақ тілінде сөйлетіп, көрерменнің көңіліне қонатын сапалы фильмдер жасайды. Аударма мәтінін тек аударып қана қоймай, фильмдегі әрбір сәтті (монолог, диалог) сезіну және керекті эмоцияны көрсету үлкен еңбек пен шеберлікті қажет етеді. Телехикаялар мен фильмдердегі кейіпкерлерді тек кәсіби театр әртістері дыбыстандырады. Фильмдердің қазақша атауын шығармашылық ұжым ұзақ талқылап, ақылдаса отырып қояды. Арнамыздың дубляж студиясына жұмысқа тұру барысында үміткерлер қатал іріктеуден өтеді.

Біз өз фоторепортажымызды дубляж бөлімінің көркемдік жетекшісі Кенжемұрат Көшеровтың «біз «қызыл кілем» үстімен шайқатыла жүріп, мадақ жинайтын мамандар емеспіз. Біздің қажырлы жұмысымыз әрқашанда көпшіліктің назарынан тыс қалады» деген сөзімен аяқтағымыз келеді.

Арнамен бірге құрылып, бірге қалыптасқан дубляж бөлімінің көркемдік жетекшісі: Кенжемұрат Көшеров.

 

Күнде тамашалайтын телехикаялардың дубляжы қалай жасалатынын енді білген боларсыз деп ойлаймыз. Ендеше көрінбейтін майданның осы бір майталмандарына шын жүректен шығармашылық шабыт тілейік!

 

Жұмыс барысынан бірнеше фото:

Дәл қазіргі уақытта "1001 түн" телехикаясын қазақ тілінде сөйлету қызу жүріп жатыр. Дубляж бөлімінің мамандарына сәттілік тілейміз!

13 мая 2016, 13:32
3412

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания Седьмой канал

«Седьмой канал» создан на базе столичного телеканала «ЭРА» и начал республиканское вещание 9 сентября 2009 года.

Сегодня «Седьмой канал» — это молодой и стремительно развивающийся канал с проектами собственного производства и премьерным контентом, который обладая четким позиционированием и стратегией вещания, уверенно завоевывает медиа-рынок Казахстана.

Сотрудники:

channel7
Samson
sandwich1

Поклонники (99):

Samson
Tengry
megido
smerch
Cockroach
svant
Expatwife
kalio
usermail15746073044828072402
fury
madinstr
Maigul
David_F
senat_kaznu
Ksenia_krg
madina-adaika
Rake017
Dana_Mukhamedzhan
potrebitelkz
KarinaShaik
CosmoCat
drugoi
Miomoto
gulnur_kakimzhanova
Nashilyudiast
greensand
mussatayeva
Shutanova_Ainura
uservk135866630
dikonya_s_s
SKYFALL
channel7
natavann
user100003699656719
Mr_Semsk
elka1983elbrus
sxodim
FrozenKing
aikarakoz
franky
uservk14761166
samalita
elyamel
Straschnik
satel
ais-firework
Green_Dragon
Olzhas_Imak
DanaKenzhegozha
khassein
timatopic
SingingLady
dankin95
uservk174528242
anna_rusakova
alem_ksht
esetok
usermail7671007024624082523
yuliya1987
rustriker
Applehon
nuraga1990
ORDA11REGION
red13
leon123
Aigul4itai
AidanaMurzataeva
ghost_kano
dadgsipk
SovetVeteranov
aizhan_atzh
anticorruptionZKO
mussaipova
medinarebrova
madu_akhmetova
msh
Dguni
SamalSardarbekova
usermail18062206568180528844
kas_0111
VassiliyKuzmich
Lady_D
BeYnekz
usermail4965683541042127324
daniq_romanticus
Ponchik_Eclair
aygerim_kagarmanova
Oryngul
Aliana_Ry
r_music
wormit
Xeniya_Pridatchenko
analyst1
sandwich1
SanzharOV
Upgradeshow
Aisha_
dragonballzmerch
pouzeot